Қазақстандықтар қазан айында қанша күн демалады

Фото: Akimat-pvl.gov.kz

Қазақстандықтарды қазан айында Республика күніне байланысты қатарынан үш күндік демалыс күтіп тұр. Бес күндік жұмыс аптасында еңбек ететіндер 24, 25 және 26 қазанда, яғни сенбі, жексенбі және дүйсенбі күндері демалады, деп хабарлайды Astana TV.

Алты күндік жұмыс аптасындағылар 24 және 25 қазанда демалады. 

Жалпы, қазан айында бес күндік жұмыс аптасында 10 демалыс күні болса, алты күндік жұмыс аптасында 6 күн демалыс болады.

Республика күні қазақстандықтарға қатарынан бірнеше жыл демалысты ұзартуға мүмкіндік беріп келеді. 2024 жылы мереке жұмаға түсіп, үш күн қатарынан демалуға мүмкіндік берген. Ал 2023 жылы Республика күні сәрсенбіге сәйкес келіп, жұмыс аптасының ортасында бір күн демалыс болған.

Салыстырсақ, қыркүйек айында Қазақстанда ресми мереке болған жоқ. Бес күндік жұмыс аптасында қазақстандықтар 8 күн, алты күндік жұмыс аптасында 4 күн демалды.