Ақмола облысында 148 гектар аумақтағы дала өрті сөндірілді

Фото: ТЖМ

Дала өрттері Бурабай, Ерейментау, Целиноград және Бұланды аудандарында болды, деп хабарлайды Astana TV. 

Өткен тәулікте Ақмола облысының бірнеше ауданында құрғақ шөптің өртенуі тіркелді. Дала өрттері Бурабай, Ерейментау, Целиноград және Бұланды аудандарында болды.

ТЖМ өкілдерінің хабарлауынша, өрт салдарынан жақын маңдағы елді мекендерге ешқандай қауіп төнген жоқ.

Қызыл жалын шарпыған 148 гектар жердегі барлық өрт ошағы толығымен жойылды.

Тілсіз жаумен күресуге Ақмола облысы ТЖД, жергілікті атқарушы органдар, «Бурабай» МҰТП, «Ерейментау», «Бөрлі» КММ қызметкерлері және Никольск, Өлеңті ауылдарының «Ауыл құтқарушылары» күштері жұмылдырылды. Қазіргі таңда тілсіз жау ауыздықталып, өрттің шығу себептері сарапталуда әрі анықталу үстінде.