Полиция қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін заңда көзделген жауапкершілік қарастырылғанын еске салды, деп хабарлайды Astana TV.
Ақмола облысының Қосшы қаласында 34 жастағы ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ол сауда үйінде жанжал шығарып, балағат сөздер айтқан.
12 қыркүйекте Қосшы қаласының полициясына сауда үйінде мас күйінде болған және өзін әдепсіз ұстаған ер адам туралы хабарлама түскен.
Мас келушінің видеосы әлеуметтік желілерде тарады.
Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері ер адамды ұстап, полиция бөліміне жеткізді. Оның Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданының 34 жастағы тумасы екені анықталды.
Ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен құқық бұзушыға 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды, – деп хабарлады Ақмола облысы ПД.
Полиция қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін заңда көзделген жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.