Астанада 19-20 қыркүйек күндері Қызылорда және Атырау облыстарының жәрмеңкесі өтеді

Фото: Астана әкімдігі

Астанада 19-20 қыркүйек күндері өңірлердің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің сериясы басталады. Алғашқы болып Қызылорда және Атырау облыстары өз өнімдерін ұсынады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары ет, балық, сүт өнімдері, көкөніс, жеміс-жидек, азық-түлік және басқа да тауарларды отандық өндірушілер мен фермерлерден тікелей сатып ала алады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жәрмеңке сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін «Қазанат» ипподромының автотұрағында өтеді.

Мекенжайы: Қарқаралы тасжолы, 1.

Жәрмеңке өтетін жерге №18, 37 және 303 автобустармен баруға болады.

Өңірлік жәрмеңкелер Астанада 25 қазанға дейін әр демалыс сайын ұйымдастырылады.

26-27 қыркүйекте Абай, Алматы және Маңғыстау облыстарының өнімдері ұсынылады. 3-4 қазанда – Шығыс Қазақстан және Ақтөбе облыстары, 10-11 қазанда – Түркістан және Батыс Қазақстан облыстары, 17-18 қазанда – Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Ұлытау облыстары, 24-25 қазанда Қарағанды және Қостанай облыстары өз өнімдерін жәрмеңкеге шығарады.