160 млн теңге жымқырған: Қаржы пирамидасының басшысы Түркияда ұсталды

фото: ҚМА

2022 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген «The Finiko» құрылымдық бөлімшесінің басшысы Түркиядан Қазақстанға қайтарылды, - деп хабарлайды  Astana TV.

Қаржылық мониторинг агенттігінің ақпаратынша, ұйым нақты кәсіпкерлік немесе инвестициялық қызметпен айналыспаған. Бұрынғы қатысушыларға төлем жаңа салымшылардың қаражаты есебінен жүргізілген. Осы схема арқылы 160 млн теңгеден астам қаржы тартылған.

Сотқа дейінгі тәркілеу аясында күдіктіге тиесілі 221 млн теңгенің жер телімі мемлекет кірісіне алынды. Бұған дейін осы іс бойынша үш адам мүлкі тәркіленіп, 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылған.

Тергеу жалғасып жатыр.