Дзюдодан Қазақстан құрамасының Бакуде өтетін әлем чемпионатына қатысатын алдын ала құрамы белгілі болды, – деп хабарлайды Astana TV.
Әлем біріншілігі 4-11 қазан аралығында Әзербайжан астанасы Бакуде өтеді. Қазақстандық дзюдошылар жекелей және аралас командалық жарыстарда бақ сынайды.
Ерлер:
-60 кг: Бақытжан Аман, Шерзод Давлатов
-66 кг: Нұрқанат Серікбаев, Асылжан Жұбатқанов
-73 кг: Есет Қуанов, Аңсарбек Ғайнуллин
-81 кг: Жалғас Қайролла, Абылайхан Жұбаназар
-90 кг: Данил Крылов
Әйелдер:
-48 кг: Абиба Абужақынова, Ғалия Тынбаева
-63 кг: Эсмигүл Куюлова
-78 кг: Аруна Жангельдина
+78 кг: Ақерке Рамазанова, Камила Берліқаш
Аралас командалық жарыс:
-73 кг: Ерсұлтан Дүйсенхан
-90 кг: Данил Крылов, Ермахан Ануарбеков
+90 кг: Жантілек Нұртілепұлы
-57 кг: Дина Мұханбет, Дана Абдирова
-70 кг: Асхат Ажар, Мөлдір Нарынова
+78 кг: Ақерке Рамазанова, Камила Берліқаш