Қазан айында қазақстандықтар мереке мен демалыс күндерін қоса есептегенде 10 күн демалады. Республика күніне орай ел азаматтары бірнеше күн қатарынан демалады, – деп хабарлайды Astana TV.
Республика күнінде қазақстандықтар қалай демалады.
Республика күні биыл 25 қазан, жексенбіге түседі. Осыған байланысты бес күндік жұмыс аптасында демалыс күні дүйсенбіге ауыстырылады.
Осылайша:
-
бес күндік жұмыс аптасында – 24, 25 және 26 қазан, яғни сенбі, жексенбі және дүйсенбі күндері қатарынан үш күн демалыс;
-
алты күндік жұмыс аптасында – 24 және 25 қазан, сенбі және жексенбі күндері демалыс болады.
Жалпы қазан айында бес күндік жұмыс аптасында 10 демалыс күні, ал алты күндік жұмыс аптасында 6 демалыс күні болады.