Павлодарда қайық аударылып, бір адам жоғалып кетті. Оқыс оқиға Жаңаауыл маңында болған. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қайықта 5 адам болған. Олардың төртеуі өздігінен жағаға шыққан. Ал 43 жастағы ер адам суға батып кеткен болуы мүмкін. Құтқарушылар 2 күннен бері іздеп таппай жатыр. Сүңгуірлер мен құтқарушылар Ертіс өзенінің 35 шақырымына барлау жасады. Әзірге табылар емес.
ТІЛЕКЖАН ГАЛЯМОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:
Қазіргі уақытта жоғалған адамды іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Іздеу жұмыстарына жедел-құтқару жасағының 5 құтқарушысы, 6 ерікті, 3 жүзу құралы, 5 эхолот жұмылдырылған. 18 рет сүңгу жұмыстары жүргізілілді.