"Ешқандай тәуекелсіз, оңай олжаға кенелесіз" деп құрғақ уәдеге сендіріп , халықты алдап келген алаяқ ұсталды. 2022 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген «The Finiko» қаржы пирамидасының басты серкесі Түркияда қолға түсіп, Қазақстанға жеткізілді. Қылмыстық схеманың құрбанына айналғандар 160 миллион теңгеден астам қаражатынан айырылған. Сотқа дейінгі тәркілеу аясында күдіктінің құны 221 миллион теңге тұратын жер телімі мемлекет кірісіне алынды. Айта кетейік, бұған дейін аталған іс бойынша үш адамның мүлкі тәркіленіп, 6 жылға темір торға жабылған еді.
ЕРНАР ТАЙЖАН, ҚР ҚМА РЕСМИ ӨКІЛІ:
Тергеу барысында «The Finiko» ешқандай нақты кәсіпкерлік немесе инвестициялық қызмет жүргізбегені анықталды. Бұрын тартылған қатысушыларға төлемдер жаңа салымшылардан түскен қаражат есебінен жасалып отырған. Осы тәсіл табыс түсіп жатқандай көрініс туғызып, азаматтардың қаражатын одан әрі тартуға мүмкіндік берген. Қазір тергеу амалдары жалғасуда.