Субсидия ақшасын алып, қашып кеткен

Мемлекеттік субсидияның ақшасын алып, Грузияға қашып кеткен. Салдарынан 238 миллион теңгеден астам шығын келді. Ол 2020–2023 жылдар аралығында заңсыз схема ұйымдастырып, асыл тұқымды мал сатып алу туралы жалған құжаттар толтырып отырған. Сенімді адамдардың атына шаруа қожалықтарын тіркеп, жеңілдетілген несиелер мен мемлекеттік қолдау қаржысын қалтасына басқан. Қылмыстан соң шетелге қашқан күдіктіге халықаралық іздеу жарияланып, Грузияда ұсталды. 

САЯН ӘБДЕНОВ, ҚР БАС ПРОКУРОРЫНЫҢ АҒА КӨМЕКШІСІ:

Қазір ол тергеу изоляторына қамалды. Оған танылған қылмыстар үшін, мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Еске сала кетейік, жыл басынан бері, Грузиядан 7 адам экстрадицияланды, олардың бесеуі жымқырғаны үшін іздеуде болған.