Астанада үстел теннисінен Президент кубогы өтеді

  • AstanaTV
  • 14 қыркүйек 2026

Астанада үстел теннисінен Президент кубогы - World Table Tennis Star Contender Astana 2026 халықаралық турнирі өтеді. Күні ертең басталатын додаға әлемнің 29 елінен 160-қа жуық спортшы қатысады. Жарыстың басты жүлде қоры - 300 мың АҚШ доллары. Президент кубогы елордада екінші рет ұйымдастырылып отыр. Бұл сайысқа әлемнің үздік спортшылары жиналмақ. Қазақстан атынан жарысқа қатысатын спортшыларға да ерекше назар аударылды. Солардың қатарында Nomad Table Tennis Academy сапында өнер көрсететін Фанг Бо бар. Ол - 2015 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Ал жарыс барысынан әлеуметтік желіге видео жариялаған көрермендерге бағалы сыйлықтар ойнатылады.

ФАНГ БО, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ:

Қазақстандық спортшы ретінде Астанадағы World Table Tennis жұлдыздар турниріне қатысып отырғаныма қуаныштымын. Бұл жарыста жоғары деңгейде өнер көрсетіп, әлемдік рейтингтегі позициямды мүмкіндігінше тез көтергім келеді. Сондай-ақ өз еңбегім арқылы Қазақстандағы үстел теннисінің дамуына өз үлесімді қоссам деймін.