Индонезияда теңізде паром аударылып, 129 адам жоғалып кетті

Фото: theguardian.com

Индонезияның Ява теңізінде жолаушылар кемесі аударылып, 129 адам жоғалып кетті.

Оларды іздеуге 600-дей маман жіберілген. Мұны бүгін осы елдің үкімет өкілдері мәлімдеді.

Соңғы мәліметке қарағанда, 108 адам құтқарылып, алтауының қаза тапқаны расталды. Қазір апаттың нақты себебі тергеліп жатыр.