Қазақстанда токенизация, стейблкоиндер және өңірлік криптохабты дамыту бойынша жаңа жобалар іске қосылады

Үкімет

Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов цифрлық активтер индустриясын дамытуға бағытталған Президенттің 2026 жылғы 7 шілдедегі Жарлығын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы хабарлады. Негізгі міндеттердің бірі – операцияларды реттелетін контурға көшіру, токенизацияны, жаңа төлем құралдарын дамыту және инвесторларды қорғауды күшейту, – деп хабарлайды Astana TV

Атап айтқанда, лицензияланған провайдерлердің мүмкіндіктерін кеңейту, тауарлар мен қызметтерге, экспорттық-импорттық операцияларға және трансшекаралық аударымдарға ақы төлеу үшін Қазақстанда шығарылған стейблкоиндерді пайдалану жоспарлануда, бұл есептеулерді жеделдетуге және бизнес шығындарын азайтуға, сондай-ақ арнайы салық режимін құруға мүмкіндік береді. Ұлттық банктің жанынан Цифрлық активтер және төлем жүйелері жөніндегі комитет құрылмақ.

2026 жылдың соңына дейін Iconic Tower кешенін $50 млн-ға дейінгі сомаға токенизация жасау жоспарлануда. Тағы бір жоба - құны $10 млн-ға дейінгі Birlik логистикалық орталығы. Екі жоба да Ұлттық банктің реттеушілік құмсалғышы мен KASE инфрақұрылымы арқылы жүзеге асырылады.