Түрмеде некесін қиды

ҚАЖ

Бостандыққа шығуға бір ай қалған

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №19 мекемесінде ерекше неке қию рәсімі өтті, - деп хабарлайды  Astana TV

Жазасын өтеп жатқан азамат алты жыл бойы өзін күткен сүйіктісімен заңды некеге тұрды. Қос ғашық алты жыл бойы байланысын үзбей, қарым-қатынастарын сақтап келген.

Неке қию рәсімі мекеме аумағында өтті. Азамат бостандыққа шығуына бір ай қалғанда өміріндегі маңызды қадамға барып, сүйіктісімен шаңырақ көтерді.

 «6 жылдық күтудің, сағыныш пен сенімнің нәтижесі — бүгінгі қуанышты күн. Ал алда оларды бірге бастайтын жаңа өмір күтіп тұр», – делінген жазбада.