«Әділет» партиясы өңірлік филиалдардың қызметін таныстыратын жаңа айдар бастады

Әділет партиясы

Өңірлік филиалда 141 бастауыш партия ұйымы бар

Арнайы бейнематериалдарда партияның өңірлердегі өкілдері, тұрғындармен, жастармен және бастауыш партия ұйымдарымен жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы әңгімелейді, –  деп хабарлайды  Astana TV

Алғашқы бөлім Ұлытау облысына арналды. Облыстық филиалдың басшысы Ақжол Құрмансейіт өңірлік команданың құрамы, партия белсенділерінің бүгінгі жұмысы және тұрғындармен байланыс қалай жолға қойылғаны туралы айтып берді.

Мен филиалдар арасында ең жас басшымын. Команданың үлкен күші жастар. Бүгінде қатарымызда 500-ге жуық белсенді жас бар. Жаңа идеялар мен бастамалар осы ортада туады, – деді филиал төрағасы. 

Айта кетейік, өңірлік филиалда 141 бастауыш партия ұйымы бар. Аймақтағы танымал тұлғалар партия мүшелігіне өткен. 

Адамдарды бір командаға біріктіретін нәрсе ортақ жауапкершілік. Сондықтан біздің міндетіміз тұрғындарды тыңдау, мәселеге үңілу, және шешімді бірге табу. Біздің жасымызда, мамандығымызда, тәжірибемізде әртүрлі. Бірақ мақсатымыз ортақ. Бұл Ұлытаудағы Әділет командасы, – деді ол.