Семейде бір сыныптың оқушылары жанжалдасып, бір-бірін пышақтаған. Тіпті суық қаруды 15 сермеп, қанжоса қылған. №52 мектептің оқушылары бұған дейін дос болып, бірге күреспен айналысқан. Алайда кикілжің кезінде олардың бірі пышақ алып, сыныптасына бірнеше рет жарақат салған. Қатты қан жоғалтқанына қарамастан, жәбірленуші өздігінен әпкесінің үйіне барып, көмек сұраған. Олар дереу ауруханаға апарған. Екінші оқушыға да медициналық көмек көрсетіліп, үйіне жіберілді. Оқиғаға қатысты Абай облысының полициясы сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Қазір жанжалдың барлық мән-жайы анықталуда. Тергеу қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.
ДУЛАТ КАРИМОВ, СЕМЕЙ УНИВЕРСИТЕТТІК ГОСПИТАЛІНІҢ ПЕДИАТРИЯ БОЙЫНША ДИРЕКТОР ОРЫНБАСАРЫ:
Бізге 13 жасар бала түсті. Іш құрлысына енетін пышақ жарақатымен. Дене мен аяқ қолдарындағы көптеген жарақаттар мен 1 дәрежелі геморрагиялық шокпен. Жансақтау бөлмесінде 3 күн бойы жатты. Қазіргі таңда жағдайы тұрақты. Ол балалар хирургиясы бөліміне ауыстырылды.
ЕРЖАН АҚҚАЛИЕВ, СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:
Тергеу қорытындысы бойынша кәмелетке толмағандарды профилактикалық есепке қою, сондай-ақ олардың бала тәрбиесі жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін заңды өкілдерін жауапкершілікке тарту мәселесі қаралатын болады.