Қызылжар өңірінде тағыда қаздар қырылып жатыр

Қызылжар өңірінде тағыда қаздар қырылып жатыр. Облыс орталығының жақын орналасқан Шаховское ауылының тұрғындары бірнеше аптадан бері құс шығынынан көз ашпай келеді. Осы уақытқа дейін 13 мыңнан астам бас өліп қалған. Аталған елдімекеннің қанаттылары былтыр да осыған ұқсас дертке тап болған. Ол кезде ветеринарлар пастереллёз ауруын растаған еді. Қазір құстың өлекселері арнайы қазылған орға тасталып жатыр. Сала мамандары аурудың сараптамасын алып, зертханаға жіберген.

АБДУЛСАМАТ ДОСАНОВ, ШАХОВСКОЕ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Менде қаздың 250 басынан не бары 85-і ғана қалды. Алдымен басы айналып, құстар шайқалып жүреді. Сосын дірілдеп, құлайды. Біз барлығына дер кезінде вакцина салдық. Бірақ одан нәтиже болмады.

ЖАНАТ ӘМІРЖАНОВ, СҚО ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Құс тұмауына ұқсамайды. Неге десеңіз, клиникасы ұқсамай тұр. Шілде айларында осы құстарды Башкириядан әкелінді. Ешқандай ветеринарлық құжат болған жоқ ол құстарда.