Түркістанда көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты

Түркістанда көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты. Тілсіз жау 12 қабатты ғимараттың қасбетінде тұтанған. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары жедел жетті. Ғимараттың 8-11 қабаттары аралығындағы сыртқы қаптамасының ашық жалынмен жанып жатқаны  анықталды. Құтқарушылар баспалдақ арқылы 63 адамды эвакуациялады. Оның ішінде 12-сі бала. Тілсіз жау дер кезінде  сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.