Баспаналары өртке оранған тараздықтар түнейтін жер таппай жүр

  • AstanaTV
  • 15 қыркүйек 2026

Таразда тілсіз жау бір-ақ сәтте 10 отбасын баспанасыз қалдырды. Бес күннен бері тұрғындар түнейтін жер таппай жүр. Мәселені өңірдегі тілшіміз Берік Жұмабай анықтады.

Өрт мына барак үлгісінде салынған, яғни бір шатырдың астындағы 10 пәтерлі тұрғын үйдің бірінде тұтанған. Қызыл жалын лезде шатырды жағып, тұрмыстық техника мен көліктерге де зақым келтірген.

САБИРА ҚОЛДАСОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Үйіме кіре алмаймын. Суы ағып жатыр. Әлі де ағып жатыр «Натяжной потолок»-тың іші тола

Айдың күнің аманында үйсіз, күйсіз қалғандар енді не істерлерін білмей дал. Жығылғанға жұдырық болып жауаптылар әлеуметтік желіде зардап шеккен отбасыларға ақшалай жәрдем беріп жатырмыз деп көсілгенін көргенде аң таң болған. Алайда көпшілік жергілікті биліктен ешқандай көмек көрмедік деп қынжылады.  

АХМЕТЖАН ЖАМАЛБЕКОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Қайдағы, ешкімге бергенде жоқ. Ақша түгілі тиын көрген жоқпыз. Палаткада тұрып жатырмыз.

Осылайша далада қалған отбысылар енді ұл-қызын мектепке жібере алмай отыр. Өйткені тұрмыстық заттар өртке оранып, көрпе-төсек бәрі бүлінген. Шаһар басшысы барар жері жоқ 2 отбасыны арнайы әлеуметтік орталыққа жайғастырыпты. Енді қалған жанұяларда далада қалмайды деп отыр. Ал өтемақы мен тиісті көмек көрсету тергеу ісі аяқталған соң ғана жүргізілетінін айтады.

БАҚЫТЖАН ОРЫНБЕКОВ, ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

2 күнде толық өзінің тергеу амалдарын аяқтайды. Бізге нәтижесін береді. Соны негізге ала отырып, біз төлемдердің көлемін анықтаймыз. Оған дейін ол қорытынды біздің қолға тимей біріншіден төлемдерді жасай алмай отырмыз. Екіншіден құрылыс жұмыстарын қайта қалпына келтіру жұмыстарын бастай алмай отырмыз.

Құзырлылар қазір өртің неден тұтанғанын анықтап жатыр. Төтеншеліктер мен қала билігі апта соңына дейін шығын көлеміннің нақты есебін шығармақ.