Таразда қаласының қақ ортасын қамыс басты. Тұрғындар қараусыз қалған Қарасу каналының маңынан өту мұңға айналғанын айтады. Өйткені қаңғыбас иттер мен маскүнемдердің мекеніне айналған бұл жерде қылмыс жиі тіркеліп, тіпті мәйттер де табылып жатады екен. Қалың қамыстан кісі бойы көрінбей қалған.
РАЙХАН МЕҢЛІБЕКОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Итке таланғандардың бірі менмін, Мысалы осы биыл көктемде жұмыстан қайтып келе жатқанда бәленбай ит келді.
БАЛҚИЯ БАЙТӨЛЕЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Мына жер набережный болады деген уәдесі бар. Ол почему то жоқ болып кетті. Кешке жақын қыс айында өту не возможно. Бір емес екі адамның денесі табылды.
Өткен жылы қала әкімдігі бұл жерге бір жарым шақырымдық жаяу жүргіншілер жолын саламыз деп тұрғындарды қуантқан. Алайда әлі күнге жағдай еш өзгермеген.
МЕДЕТ НҰРМАХАНОВ, ТАРАЗ ҚАЛАСЫ ӘУЛИЕАТА АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Күзгі екі айлық тазалық санитарлық жұмыстарнына байланысты бүгіннен бастап осы қамыстар орылатын болады. Және сенбі күні үлкен көлемде Таза Қазақстан акциясы бойынша қалалық әкімдіктің бөлімдері барлығы келіп ору жұмыстарын жүргізеді.