Елімізде СЭС мамандары жетіспейді

  • AstanaTV
  • 15 қыркүйек 2026

Елімізде СЭС мамандары жетіспейді. Кадр тапшылық әсіресе, елдімекендерде қатты сезіледі. Бұл туралы санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жұмыскерлерінің кәсіби мерекесіне орай Алматыда алғаш рет өткен  Конгресте айтылды. Басқосуға еліміздің барлық өңірінен 700-ден астам маман, сала ардагерлері, ғалымдар мен халықаралық сарапшылар қатысты.

Жиында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз етудің заманауи тәсілдері, инфекциялық және климаттық тәуекелдердің алдын алу, еңбек гигиенасы мен биологиялық қауіпсіздік мәселелері талқыланды. Сондай-ақ Қазақстанның зертханалық қызметіне 105 жыл және көрнекті эпидемиолог Масғұт Айқымбаевтың туғанына 110 жыл толуына арналған арнайы секциялар өтті. Салаға еңбегі сіңген 350-ден астам маман марапатталды.

МАРАЛ РАХИМЖАНОВА, ҚР ДСМ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

40%-дай негізінде елді мекендерде маман жетіспейді. Медициналық қызметкерлерге көрсетілетін әлеуметтік көмек біздің мамандарға берілмейді. Енді бір дәрігер болғаннан кейін әлеуметтік көмектер елді мекеннің мамандарына берілетін болсын деп көздеп отырмыз.