Қазіргі уақытта қалада 423 базалық 5G станциясы жұмыс істеп тұр. Биыл байланыс сапасы төмен 22 аумақ анықталып, оның 12-сіндегі мәселе шешілген, деп хабарлайды Astana TV.
Астанада жыл соңына дейін 74 жаңа 5G базалық станциясынорнату жоспарланып отыр.
Бұл туралы елорданың цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Берік Ахметов мәлімдеді.
Қазіргі уақытта қалада 423 базалық 5G станциясыжұмыс істеп тұр. Биыл байланыс сапасы төмен 22 аумақ анықталып, оның 12-сіндегі мәселе шешілген.
Сонымен қатар Астанада 16 тұрғын алабы мен бір саяжай массиві жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілді. 12 мың жеке үй оптикалық желіге қосылды.
Бұдан бөлек, жыл соңына дейін қаладағы 240 нысанға 1200 бейнебақылау камерасынорнату жоспарланған. Қазір оның 1142-сі орнатылып қойған.