Үш көлік соқтығысып, жүргізуші қаза тапты

  • AstanaTV
  • 16 қыркүйек 2026

Ақтөбеде үш көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты. Екі жолаушы ауруханаға түсті. Қайғылы оқиға Ақжар ауылы маңындағы республикалық маңызы бар «Самара – Шымкент» автожолында орын алған. «Nissan», «Hyundai» мен «Lexus» көліктері соқтығысқан. «Hyundai Getz» көлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Қазір жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.