Түркістан облысында мал шаруашылығына арналған 103 млн теңгенің субсидиясын жымқырған

2 үй, 4 көлік, автотұрақ, жер телімі. Түркістан облысында 103 млн теңге жымқырғандар анықталды. Қылмыстық топтың заңсыз әрекетін Қаржылық мониториг агенттігінің өкілдері анықтады. Тергеу нұсқасына сәйкес, заңсыз схеманы іске асыру үшін ұйымдасқандар үшінші тұлғалардың атына ресми түрде тіркелген 4 жеке кәсіпкерлік, «Нұр-Келес» ЖШС  және «Бимен С.» ЖШС пайдаланған. Осы арқылы олар ақпараттық жүйелерге ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алу мен олардың қолда бары, сондай-ақ асылдандыру жұмыстарының жүргізілгені туралы көрінеу жалған мәліметтер енгізген. Кейін осы мәліметтердің  негізінде субсидия алуға электрондық өтінімдер берілген.

ЕРНАР ТАЙЖАН, ҚР ҚМА РЕСМИ ӨКІЛІ:

Сот санкциясымен күдіктілердің мүлкіне тыйым салынды. Олардың қатарында 2 тұрғын үй, 4 автокөлік, автотұрақ орны және жер телімі бар. Күдіктілердің бірі қамауға алынды, екіншісіне кепіл түріндегі  бұлтартпау  шарасы  қолданылды.