Ерлан Қарин Қазақстанның ішкі саясатының негізгі басымдықтарын айқындап берді

Қазақстанның ішкі саясатындағы негізгі басымдықтар конституциялық құндылықтарды нығайту, жаңа қоғамдық этиканы қалыптастыру және болашаққа ұмтылысты күшейтуге бағытталуы тиіс. Бұл туралы Вице-Президент Ерлан Қарин айтты. Бұл бағытта Заң мен Тәртіп үстемдігіне, жалпыұлттық бірлікке және жауапты патриотизмге баса мән беріледі. Сондай-ақ «Адал азамат» бағдарламасы мен «Таза Қазақстан» жобасы жаңа форматта жүзеге асады. Ал үшінші бағдар бойынша білім, ғылым және цифрландыру арқылы адам капиталы дамытылмақ. «Негізгі мақсат – болашаққа сеніммен қарайтын күшті мемлекет пен прогрессивті қоғам құру. Осылайша, үш басымдықтың барлығы біз қандай қоғам құрып жатырмыз және қандай елде өмір сүреміз деген басты сұрақтарға жауап береді. Бұл үшін жасампаз күн тәртібі мен конституциялық құндылықтарды ұстануымыз керек», – деп жазды Вице-Президент Ерлан Қарин өзінің Telegram-арнасында.