Шортанды ауданы тұрғындары ауыз судан таршылық көріп отыр

  • AstanaTV
  • 16 қыркүйек 2026

Шортанды ауданында ауыз су, инфрақұрылымның тозуы мен мектептердегі орын тапшылығы өзекті мәселеге айналып отыр. Әсіресе, Бозайғыр ауылында оқушы орнының жетіспеушілігі қатты сезіледі. Жергілікті мектепте бала саны 700-ден асып кеткендіктен, тұрғындар жаңа білім ошағының құрылысын тездетуді сұрайды.  Тұрғындардың өтінішін тыңдау үшін «Әділет» партиясы Республикалық қоғамдық қабылдау бөлімінің өкілдері Шортандыда көшпелі кездесу өткізді. Партия өкілдері ауыл халқынан түскен барлық арыз-шағымды бақылауға алып, мәселелерді Үкімет деңгейінде шешуге уәде берді.

ӘЛИЯ САДЫРБАЕВА, «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Соңғы жылдары халықты әлеуметтік мәселелерден гөрі ТҮКШ саласы көбірек толғандырады. Бүгін де тұрғындар су, баспана және мектеп құрылысы сияқты ауылдағы жайлы тұрмысқа қатысты сұрақтарды көтерді. Бұл түйткілдерді біз министрліктермен бірлесе отырып шешеміз. Кезең-кезеңімен жобалау-сметалық құжаттамалары дайын болғандары бар, енді қаржыландыру мәселесін орталық мемлекеттік органдармен ақылдасамыз.