Павлодарда жастармен интерактивті кездесу ұйымдастырылды

Павлодарда «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында өңірдің мәдениет саласының жастарымен  интерактивті кездесу ұйымдастырылды. Мақсат жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, қоғамдық тәртіп пен азаматтық жауапкершілікті түсіндіру. Шара барысында жас мамандар өзара сайысты.

Заң мен тәртіп баршаға ортақ міндет. Осы жалау еткен  павлодарлық жастар өзара интелектуалды сайысқа түсті.  Шараның мақсаты жастардың құқықтық сауатын арттырып, қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Бұл «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасының негізгі өзегі.

ЗАМИРА СОЛТАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ «ШАҢЫРАҚ» ХАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Алғаш рет біздің өнерпаздарымыз сахнада ән мен күйді паш етсе, бүгінде білімдерімен ойларымен жарысатын болады. Биылғы жылдан бастап «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы күшіне еніп, жан жақты іс щаралар өткізіліп жатыр. Бүгінде мәдениет қызметкерлері қаншалықты заңды тәртіпті біледі және бағынады соны тексеретін боламыз.

Интелектуалдық сайыс  4 кезең бойынша ұйымдастырылды. Әр кезеңде  жастардың құқықтық сауаттылығы тексерілді. Бұдан  бөлек мәдениет саласына қатысты заңға негізделген сұрақтар да қойылды. Бұл жастардың командамен жұмыс істеу, сыни ойлау сияқты дағдыларын қалытастыратын болады. 

ӘЛІБЕК ҚАБЫЛДА, САЙЫС ҚАТЫСУШЫСЫ:

Заң мен тәртіп мәдениет саласына ғана емес, бүкіл салаға қажетті ұғым деп ойлаймын. Өйткені, әрбір сала болсын, бір ұжым босын әр мекеме болсын заң мен тәртіпке бағынуға тиіс.

Сайысқа ұзын саны 3 команда қатысты. Олар ашық форматта пікір алмасып, құқықтық мәдениетті қалыптастыру бағытында ой қозғады. Сайысқа қатысқан  барлық командаларға еліміздің жаңа Ата заңы табыс етілді.