Мас болып, тыныштықты бұзған

фото: ЖИ

Полицеймін деп қорқытқан

 

Әлеуметтік желіде әйел адам ұялы телефон арқылы жанжал шығарып, өзін полиция қызметкері ретінде таныстырған видео тарады, - деп хабарлайды AstanaTV.

Тексеріс нәтижесінде оның Шымкент қаласының 25 жастағы тұрғыны екені анықталған. Шымкент Полиция департаменті мәліметінше, оның Ішкі істер органдарына мүлдем қатысы жоқ және қазір жұмыссыз. Ол қоғамдық орында масаң күйде болып, қоғамдық тыныштықты бұзғаны және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.