Әлеуметтік желіде тікелей эфир жүргізіп, балағат сөздер айтқан

istockphoto

5 тәулікке қамалды

Абай облысында әлеуметтік желіде тікелей эфир жүргізіп, балағат сөздер айтқан қала тұрғыны 5 тәулікке қамауға алынды, – деп хабарлайды AstanaTV.

Ішкі істер министрлігі атап өткендей, полиция қызметкерлері әлеуметтік желілердегі құқыққа қайшы контентті анықтау және оның жолын кесу бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.

Семей қаласында жүргізілген мониторинг кезінде тәртіп сақшылары TikTok желісіндегі күмәнді тікелей эфирді тіркеді.

Бұл эфирді шамамен 12 мың адам тамашалаған. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде тәртіп бұзушының жеке басы жедел анықталды. Ол Семей қаласының 53 жастағы тұрғыны болып шықты.

Сот шешімімен азаматша ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, заңда белгіленген тәртіппен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.