Күдіктілердің 13 мал ұрлығы дерегіне қатысы бары анықталды
Ұлытау облысында жыл басынан бері мал ұрлығына қатысы бар екі қылмыстық топтың жолы кесілді, – деп хабарлайды AstanaTV.
Тергеу барысында топ құрамындағы 10 адамның 13 мал ұрлығы дерегіне қатысы бары анықталып жатыр. Сонымен қатар жекелеген қылмыстық істер бойынша тағы үш күдікті ұсталған.
Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде заңды иелеріне 40 бас мал қайтарылды. Қазір аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Мал ұрлығының алдын алу мақсатында өңірде "Мал ұрысы" жедел-профилактикалық іс-шарасы тұрақты түрде өткізіліп келеді. Полиция мал иелерін төрт түлікті қараусыз қалдырмай, таңбалап, есепке қоюға шақырды. Мал жоғалған немесе ұрланған жағдайда құқық қорғау органдарына дереу хабарлау қажет.