Түрмеде жазасын өтеуші бейнебайланыс арқылы сауна демалып жатқандарды бопсалаған

ашық дереккөз

Жәбірленушілер 445 мың теңге несие рәсімдеуге мәжбүр болған

Түрмеде жазасын өтеп жатқан «Л» есімді сотталушы Петропавлдағы сауналардың бірінде екі адамды бопсалаған сыбайластарына бейнебайланыс арқылы қосылып, психологиялық қысым көрсеткен, ақша беруді талап еткен, деп хабарлайды AstanaTV.

Түрмедегі сотталушының қылмысқа қатысы толық дәлелденді. Сыбайласының телефонынан қылмысты талқылаған хаттар табылды.

Байланыс операторының деректері телефонның түрме аумағында болғанын, сондай-ақ ақша аударымдарын растады.

Бопсалау қылмысы үшін сот ер адамға үш жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Бұған дейінгі үкімді ескере отырып, оның түпкілікті жазасы 8 жыл болды. 2011 жылы ол 21 жыл 9 айға бас бостандығынан айырылған.