Құрылтайда 2027-2029 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы талқыланды
2027-2029 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Халық Кеңесін құруға 1,7 млрд теңге қарастырылған. Бұл туралы қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы Құрылтайда өткен республикалық бюджет жобасының таныстырылымында мәлімдеді, деп хабарлайды AstanaTV.
- Халық Кеңесі жаңадан құрылып жатыр. Бұл ретте, Халық Кеңесі бізге жаңадан бюджеттік бағдарлама әкімшісі ретінде келді, сәйкесінше біз бюджет өтінімдерін қарадық. Қарастырылған 1,7 млрд теңгені Халық Кеңесінде жұмыс істейтін адамдардың санына бөлген дұрыс емес, өйткені бұл жерде қаражат тек қана жалақыға қарастырылмаған. Кеңес мүшелері халықпен көп кездеседі. Бұл ретте тиісті кездесулер мен форумдарды, сессиясын өткізеді, сондай-ақ іссапар шығыстары бар. Мұнымен қоса оларда қоғамдық тыңдау өткізу ескерілген, - деді А. Бейсенбекұлы