Қарсы бағытта келе жатқан екі көлік соқтығысып, 4 адам қаза тапты. Маңғыстау облысы Жетібай ауылынан Шетпе ауылы бағытында келе жатқан Toyota Camry жүргізушісі жол үстіндегі түйеге соғылған. Соққыдан кейін көлік қарсы бағыттағы жолаққа шығып кеткен. Жол апатынан жарақат алған тағы төрт адам медициналық мекемеге жеткізілді.
ТАЙМАН АҢШЫБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД ППР КОМАНДИРІ:
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Көліктер арнайы тұраққа қойылды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы, оның ішінде жануардың иесі анықталуда.