Қызылордада қызы әкесін сотқа берді

Қызы әкесін сотқа берді. Бойжеткен Байқоңыр қаласының тұрғыны. Ол мектепті тәмамдап, студент атанған. Сондықтан шығындары көп екенін алға тартып, әкесі өз міндеттерін орындаса деген талап қойыпты. 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде алимент өндіруді сұраған. Сот тараптарға құқықтарын түсіндіріп, ортақ мәмілеге келу ұсынылған.

БАЙҚОҢЫР ҚАЛАЛЫҚ СОТЫ:

Тараптар дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімге келгендерін көрсетіп, келісімді бекітуді сұраған. Келісімнің шарттары бойынша, жауапкер талап қоюшыға 21 жасқа толғанға дейін ай сайын келісімде көзделген мөлшерде алимент төлеп тұруға міндеттелген. Сот ұйғарымымен тараптар арасындағы келісім бекітіліп, іс жүргізу өндірістен тоқтатылды.