Ақтөбеде саяжайдаға үйлер отқа оранды

  • AstanaTV
  • 17 қыркүйек 2026

Ақтөбе облысы Алға қаласындағы саяжайда 21 үй өртенді. Алдан-ала болжам бойынша бау-бақша серіктестіктерінің бірінде құрғақ шөп тұтанған. Жалын көп ұзамай саяжай үйлеріне тараған. Салдарынан 21 үй отқа оранды. Жалпы аумағы 13 гектар. Оқиға орнында  жедел штаб құрылды. Төтеншеліктер қалған 34 үйге тілсіз жаудың таралуына жол бермеді. 

ЖАНДАРБЕК БАҚЫТЖАНҰЛЫ, АЛҒА ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМ:

Жалпы саяжайда 23 ұжым бар, оның ішінде 14 ұжымда жұмыстар жүргізіледі, яғни 40%-ы қараусыз қалған. Жалпы өрт құрғақ шөптен жану орын алған.