TikTok-та балағаттаған әйел темір торға қамалды

  • AstanaTV
  • 17 қыркүйек 2026

Семейде TikTok-та тікелей эфирге шығып, балағат сөздер айтқан 53 жастағы әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Абай облысының полициясы әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде анықтаған. Эфир барысында әйел ішімдік ішіп отырғанын көрсетіп, әдепсіз сөздер айтқан. Тікелей эфирді шамамен 12 мың адам көрген. Алайда полиция құқық бұзушының жеке басын жедел анықтаған.

ЕЛДОС ОРАЗАЛИН, СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ ПБ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Әлеуметтік желілер – баршаға қолжетімді кеңістік. Ал тікелей эфирлерді кәмелетке толмағандар да көруі мүмкін. Мұндай әрекетке жол берілмейді және ол заңда көзделген жауапкершілікке әкеп соғады. Сот әйелді ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, жасына байланысты бес тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасын тағайындады.