Меккеге соққы жасады. Йемендік Хуситтер Сауд Арабиясының шекарасына үлкен әскер алып барды. Екі ел арасында үлкен шекара қақтығысы күшейе түсті. Ал, Канада Еуропалық Одаққа мүше болмақ. Кәрі Құрлықтың басты ұйымы өздері бастамашы болып, шақырған. Трамп болса, ашуланып, Канада сатқындық жасады, - дейді. Шартараптағы соңғы жаңалықтарды Еркелді Тілеуқұл шолып шықты.
Йемендік Хуситтер Меккеге соққы жасады. Сауд Арабиясының басылымдары осындай ақпарат таратты. Бірақ, Ансар Алла ұйымының басшылығы бұл ақпаратты жоққа шығаруда. Алайда, Сауд Арабиясы әуе күштерінің ұшақтарын жойдық, - деп қуаныштарын жасыра алмады. Йемен Сауд Арабиясының шекарасына жақындап, Корольдікке зымырандар және дрондармен шабуылдап жатыр.
ЯХЬЯ САРИ, ХУСИТТЕР ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Біз өз жерімізді жаудан қорғап жатырмыз. Сауд Арабиясы Йемен жеріне әуе соққыларын жасады. Дегенмен, ол ойлары іске аса қойған жоқ. Себебі, қарулы күштеріміз 2 Ф-15 ұшағын сұлатып түсірді. Ал, Меккеге шабуыл жасады, - деген ақпарат жалған. Біз Сауд Арабиясындағы қасиетті жерлерге ешқашан соққы жасамаймыз. Мекке және Мединеден аулақ нысандарды таңдадық.
Еуропалық емес алғаш мемлекет Еуроодаққа мүше болып қабылдануы мүмкін. Кәрі Құрлықтың басты ұйымы Канаданы «Қауымдастырылған мүше» ретінде қабылдады. Премьер-министр Марк Карни арнайы бұл үшін Страссбургке де барды. Болашақта толыққанды қабылдауға да ниет білдірді. «Трампқа қарсы одақтың» құрылғанын тікелей айтпағанымен, сарапшылар тура осыны меңзеп отыр.
УРСУЛА ФОН ДЕР ЛЯЙЕН, ЕУРОКОМИССИЯ ТӨРАЙЫМЫ:
Бізді ортақ мұхт бөліп тұр. Сонымен қатар, демократиялық ұстанымдарымыз бізді біріктіреді. Ал, демократия дегеніміз – бостандық. Осы орайда, Еуропалық Одақтың түбегейлі жаңа саясатының ұстанымдары көпшіліктің қолдауымен аз-кем өзгертілді. Құндылығымыз бір мемлекеттерді кеудесінен қақпай, құшағымызды ашуымыз керек. Сондықтан, Канаданы Еуропалық Одаққа мүше болуға шақырамын.
Бұндай сатқындықты кешіре алмаймын. Канаданың әрекетін Трамп тура осылай «Опасыздық» деп бағалады. АҚШ Президенті, тіпті, жаугершілікқадамға барды, - деп ашуын жасырмады. Бастысы, бұл әрекет үшін тек Канада ғана емес, Еуропалық Одақтың барлық мемлекетін жазалайтынын ашық жариялады.
ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:
Бұларға менің сауда салығым аз көрінген секілді. Одақтас деп төрден орын берген мемлекеттер нағыз опасыздық жасады. Канада және Еуропалық Одақтың бірнеше мемлекетімен мүлдем сауданы тоқтатамыз. Бұндай жаугершілік әрекетті жауапсыз қалдыра алмаймын. Өздерінше, одақ құрып, мені жеңбекші екен, әуселесін көрейік.
Косово халқы көшеге шықты. Себебі, елдің бұрынғы Президенті Хашим Тачи тәуелсіздік үшін соғыс кезінде әскери қылмыс, атап айтсақ, бейбіт жандарды өлтіру және азаптау фактілері бойынша 25 жылға сотталған. Ел астанасы Приштинада бұған наразы мыңдаған адам сот ғимаратына жиналып, полициямен қақтығысты.