Қазақстанда электросамокаттарды пайдалану талаптары күшейтілгеннен кейін түрлі кикшеринг компанияларына тиесілі 9 мыңнан астам самокат айып тұрағына жеткізілген,- деп хабарлайды AstanaTV.
Жаңа талап бойынша самокат техникалық тұрғыда жарамды әрі сәйкестендіру нөмірі болуы керек. Кикшеринг компаниялары көлікті кәмелетке толмағандардың пайдалануына жол бермеуге және оны басқаруға рұқсаты бар азаматтарға ғана қолжетімді етуге тиіс.
Сондай-ақ электросамокатпен тротуар мен жаяу жүргіншілер аймағында жүруге тыйым салынған. Онымен жолдың оң жақ шетімен немесе велосипед жолымен жүруге болады.