Эльвира Азимова Конституциялық Соттың Төрағасы болып қайта тағайындалды

фото: Ақорда

Эльвира Азимова Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

“Мемлекет басшысының Жарлығымен Эльвира Әбілхасымқызы Азимова Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы лауазымына тағайындалды”, – делінген хабарламада.