25 қыркүйекте Қазақстан мен Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері уақытша жұмыс істемейді, – деп хабарлайды AstanaTV.
Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпаратынша, шектеу Қытай Халық Республикасында «Күз ортасы мерекесінің» атап өтілуіне байланысты енгізіледі.
Аталған күні Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері арқылы жеке тұлғаларды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайды.
Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.
Мемлекеттік кірістер комитеті тасымалдаушылар мен мемлекеттік шекарадан өтуді жоспарлап отырған азаматтарды уақытша шектеуді ескеріп, сапар бағытын алдын ала жоспарлауға шақырды.