Волейболдан Қазақстан құрамасы ширек финалға шықты

Фото: olympic.kz

XX жазғы Азия ойындарында волейболдан әйелдер арасындағы топтық кезең аяқталды, – деп хабарлайды AstanaTV.

Қазақстан әйелдер құрамасы В тобындағы екінші кездесуін үш дүркін Олимпиада чемпионы Қытай құрамасына қарсы өткізді. Ойын 0:3 (18:25, 6:25, 14:25) есебімен қарсыластардың пайдасына аяқталды.

Бұған дейін қазақстандық волейболшылар Филиппин құрамасын жеңіп, ширек финалға жолдама алған еді. Қытайға қарсы матч топтағы бірінші орын иегерін анықтады.

Ширек финалдық ойындар 20 қыркүйекте өтеді. Қазақстан құрамасының ширек финалдағы қарсыласы топтық кезеңнің қорытындысы бойынша анықталады.