Әзербайжанда қатаң карантин 2027 жылға дейін ұзартылды

фото: Anadolu Ajansı

Әзербайжан билігі ел аумағындағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты қабылданған шектеулерді тағы да созды, – деп хабарлайды AstanaTV.

Anadolu ақпарат агенттігінің хабарлауынша, премьер-министр Әли Асадов қол қойған жаңа қаулыға сәйкес, коронавирус инфекциясының таралуы мен оның қауіпті салдарын болдырмау мақсатында елдегі ерекше карантин режимі 2027 жылғы 2 қаңтарға дейін ұзартылды.

Сонымен қатар, күздің келуімен халық арасында дене қызуының көтерілуі, жөтел, тамақ ауруы және әлсіздік сияқты белгілер жиілеп кетті. Көпшілігі мұны кәдімгі маусымдық тұмау немесе ковидтің қайта өршуі деп қабылдауда. Алайда дәрігерлер бұл аурулардың симптомдары өте ұқсас болғандықтан, тек сыртқы белгілеріне қарап нақты диагноз қою мүмкін еместігін ескертеді.