Елена Рыбакина Қазақстан құрамасы сапында өтетін жарысқа қатыспайды

фото: WTA

Елена Рыбакина жарақатына байланысты ұлттық құрама сапында өтетін жарысқа қатыса алмайды, - деп хабарлайды AstanaTV.

Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше,  ол денсаулығына байланысты кортқа шықпайды. 

«Бапкерлер штабының ақпараты бойынша, Рыбакинаны емдеу және қалпына келтіру үшін кем дегенде екі апта қажет. Осыған байланысты спортшы Қытайда өтетін Билли Джин Кинг кубогының финалдық бөлігіне қатыса алмайды. Таяу арада ол үшін басты басымдық – денсаулығын қалпына келтіру және толыққанды жаттығуларға оралу болып табылады», – делінген федерацияның ресми мәлімдемесінде.