Әлеуметтік желілерде тараған резонансты видеодан кейін Шымкент полициясы әйелін ұрып-соққан күдіктіні ұстады. Бейнежазбада бет-ауызы қанға боялған әйел күйеуінің оны кішкентай балаларының көзінше аяусыз ұрғанын айтып берген,-деп хабарлайды AstanaTV.
Жәбірленушінің туысының айтуынша, ер адам әйелін жиі қорлап, оған күш қолданатынын айтып қорқытып келген. Сонымен қатар оның атына 2 миллион теңге көлемінде несие рәсімдеген.
Шымкент қаласы полиция департаменті әйелге дене жарақатын келтірді деген күдікпен Түркістан облысының 25 жастағы тұрғыны ұсталғанын хабарлады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қылмыстық іс қозғалды.
Тергеу барысы Шымкент қаласы полиция департаменті басшылығының бақылауында.