Алматы мәслихаты ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға көлікпен кірудің жаңа тәртібін қолдады,- деп хабарлайды AstanaTV.
Жаңа талап бойынша іштен жанатын қозғалтқышы бар көліктердің қозғалысына шектеу қойылады. Ал электромобильдерге жұмыс күндері Медеу мен Шымбұлаққа кіруге рұқсат беріледі.
Демалыс және мереке күндері шектеу электромобильдерге де қатысты болады. Аумақ тұрғындарына, жедел, коммуналдық және арнайы қызмет көліктеріне ерекше тәртіп қарастырылған.