Кейбір қазақстандықтар үшін жылумен жабдықтау қызметінің құны қайта есептелді, – деп хабарлайды AstanaTV.
Табиғи монополияларды реттеу комитетінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Қазақстанда жылу энергиясын есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау қызметінің құнын қайта есептеу жұмыстары аяқталған.
2025-2026 жылдардағы жылыту маусымының қорытындысы бойынша табиғи монополия субъектілері жылу энергиясы үшін төлемді жалпы сомасы ҚҚС-ты қоса алғанда 1 217,02 млн теңгеге қайта есептеген.
Қайта есептеу сыртқы ауаның нақты температурасы ескеріле отырып жүргізіледі. Тиісті сома тұтынушының дербес шотында аванс (сальдо) түрінде жеке жолмен көрсетіледі.
Өңірлер бөлінісінде қайта есептеу сомасы:
- Астана қаласы - 460,67 млн теңге;
- Алматы қаласы - 57,77 млн теңге;
- Шымкент қаласы - 38,50 млн теңге;
- Абай облысы - 0,27 млн теңге;
- Алматы облысы - 12,70 млн теңге;
- Ақмола облысы - 13,98 млн теңге;
- Атырау облысы - 22,09 млн теңге;
- Ақтөбе облысы - 11,03 млн теңге;
- Шығыс Қазақстан облысы - 298,56 млн теңге;
- Жамбыл облысы - 26,06 млн теңге;
- Батыс Қазақстан облысы - 1,82 млн теңге;
- Қостанай облысы - 25,69 млн теңге;
- Қызылорда облысы - 42,21 млн теңге;
- Маңғыстау облысы - 161,60 млн теңге;
- Павлодар облысы - 29,11 млн теңге;
- Солтүстік Қазақстан облысы - 14,59 млн теңге;
- Түркістан облысы - 0,37 млн теңге.
Қарағанды облысында, Ұлытау және Жетісу облыстарында жеке қайта есептеу қарастырылмаған, себебі жылумен жабдықтау қызметінің құны сыртқы ауаның нақты температурасы ескеріле отырып есептелген. Астана қаласында 2025-2026 жылдардағы жылыту маусымы үшін төлем сыртқы ауаның нақты температурасына қарай маусым бойы ай сайын түзетіліп отырды", - деп түсіндірді комитет өкілдері.
Сондай-ақ 2024-2025 жылдардағы жылыту маусымының қорытындысы бойынша жылу энергиясын есепке алу аспаптары жоқ тұтынушыларға 1 554,7 млн теңге сомасына қайта есептеу жүргізілген.