Өскеменде 70 жастағы әйел екінші қабаттың терезесінен құлап кетті

Өскеменде 70 жастағы әйел екінші қабаттың терезесінен құлап кетті. Зейнеткер түрлі жарақат алып, бірден ауруханаға жеткізілген. Аталған ақпаратты полиция растады.

ШҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:

Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.