«Айтылды, қалды деген нәрсе болмайды, шешеміз»,- депутат

«Әділет» партиясы қоғамдық қабылдау өткізді. Тұрғындар депутаттар мен әртүрлі мемлекеттік орган өкілдеріне, еңбек, денсаулық сақтау және өзге де әлеуметтік саладағы түйіткілдерін айтты. Халықтың арыз-шағымын тыңдаған партиялықтар әрбір өтінішті бақылауға алып, құзырлы мекемелермен бірлесе жұмыс істеуге уәде берді.

ЛӘЗЗАТ ЖЫЛҚЫБАЕВА, ҚР ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, «ӘДІЛЕТ» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Көптеген тұрғын келіп отыр. Біраз адамды қабылдадым. Расымен де, мен сол кісілерді қабылдау арқылы бүгінгі өткізіп отырған іс-шараның маңызы зор екенін байқадым. Сол өтініштердің аясында біз тиісті органдарға хат жіберіп, жауабын сол келген тұрғындарға жіберетін боламыз. Егер де заңнамаларға өзгеріс енгізілетін болса, құрылтай деңгейіндегі жұмыс комиссияларында қарастырылатын болса, сол сұрақ шешімін тапқанша байланыста боламыз.

Сондай-ақ, ата-аналар сотталған жастардың жазасын жеңілдету мәселесін көтерді. Тұрғындар шартты түрде мерзімінен бұрын босату және сот тәжірибесіндегі келіспеушіліктерді реттеу бойынша қолдау сұрап отыр.

ГҮЛМИРА МАЖЕНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Біз 297-бап бойынша бірінші рет сотталған жастардың мәселесімен келдік. Бұған дейін партия көмегімен рақымшылыққа ілініп, мерзімді қысқартқан едік. Енді алты жылдық қадағалауды алып тастау және ҚК 73-бабы бойынша жаза түрін ауыстыру сұрақтарын ілгерілетіп жатырмыз.