Жазғы Азиада-2026: Ертең Қазақстан құрамасынан жарысқа кім шығады?

Фото: ҰОК

20 қыркүйекте Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында Қазақстан спортшылары спорттың бірнеше түрінен жарысқа шығады, деп хабарлайды AstanaTV.

Olympic.kz мәліметінше, 20 қыркүйектегі жарыстардың басталу уақыты Астана уақытымен көрсетілген. Спортшылардың құрамы мен жарыс кестесі өзгеруі мүмкін.

04:30

Триатлон, ерлер. Жекелей жарыс, финал
Аян Бейсенбаев, Арлан Жаңабай.

05:00

Тасжолдағы велоспорт, әйелдер. Жекелей уақытқа жарыс, финал
Рината Сұлтанова.

05:45

Нысана көздеу, әйелдер. 10 метрге пневматикалық мылтықпен ату. Іріктеу және командалық финал
Елизавета Безрукова, Софья Шульженко, Александра Ле.
Финалға жолдама алған жағдайда жарыс 10:30-да жалғасады.

06:00

Қазіргі бессайыс, әйелдер. Жекелей және командалық финал
Диана Щедрова, Аяна Қазбекова, Юлиана Петрова.

06:08

Жүзу, ерлер. 200 метрге кешенді жүзу, іріктеу
Айбат Мырзамұратов.
Финалдық кезең – 13:00-ден бастап.

06:20

ММА, әйелдер. Modern MMA, 54 келіге дейін, алдын ала кезең
Әйгерім Төреханова.

06:44

Жүзу, ерлер. 100 метрге еркін әдіс, іріктеу
Әділбек Мусин, Максим Клименко.
Финалдық кезең – 13:00-ден бастап.

06:50

ММА, ерлер. Traditional MMA, 77 келіге дейін, алдын ала кезең
Еркінғали Бүркіталин.

07:00

Триатлон, әйелдер. Жекелей жарыс, финал
Диана Ержанова.

07:05

Жүзу, ерлер. 100 метрге шалқалай жүзу, іріктеу
Александр Румынский.
Финалдық кезең – 13:00-ден бастап.

Каратэ, ерлер. 55 келіге дейін, 1/8 финал
Жоламан Биғабыл.
Келесі кезеңге өткен жағдайда: жартылай финал – 10:30-дан бастап, қола жүлде үшін жекпе-жек – 12:40, финал – 14:05-тен бастап.

07:55

Каратэ, әйелдер. 68 келіден жоғары, ширек финал
Софья Берульцева.
Келесі кезеңге өткен жағдайда: жартылай финал – 10:30-дан бастап, қола жүлде үшін жекпе-жек – 12:40, финал – 14:05-тен бастап.

08:30

Үстел теннисі, ерлер. Командалық жарыс, топтық кезең
Қазақстан – Бангладеш.

Гандбол, ерлер. Топтық кезең
Қазақстан – Бахрейн.

09:00

Жағажай волейболы, ерлер. Топтық кезең
Сергей Богату / Кирилл Гурин.

09:30

Тасжолдағы велоспорт, ерлер. Жекелей уақытқа жарыс, финал
Алексей Луценко.

Гандбол, әйелдер. Екінші матч, айналмалы жүйе
Қазақстан – Оңтүстік Корея.

09:50

Баскетбол 5х5, әйелдер. Топтық кезең
Қазақстан – Жапония.

10:30

Қазіргі бессайыс, ерлер. Жекелей және командалық финал
Кирилл Стадник, Лев Чувашов, Темірлан Абдраимов, Тихон Варехин.

11:00

Жағажай волейболы, ерлер. Топтық кезең
Абдулмажид Мохаммад / Дмитрий Яковлев.

Бадминтон, әйелдер. Командалық жарыс, 1/8 финал
Қазақстан – Үндістан.

12:00

Волейбол, әйелдер. Ширек финал
Қазақстан – Оңтүстік Корея.

Үстел теннисі, әйелдер. Командалық жарыс, топтық кезең
Қазақстан – Оңтүстік Корея.

12:05

Су добы, әйелдер. Топтық кезең
Қазақстан – Сингапур.

12:50

ММА, ерлер. Modern MMA, 71 келіге дейін, ширек финал
Қадырбек Шынбаев.

13:00

ММА, ерлер. Traditional MMA, 65 келіге дейін, ширек финал
Санжар Әділов.

14:00

Ушу, әйелдер. Саньда, 52 келіге дейін, 1/8 финал
Аяна Тұрсын.

Ушу, ерлер. Саньда, 75 келіге дейін, 1/8 финал
Абдурашид Абдуллаев.

14:30

Үстел теннисі, ерлер. Командалық жарыс, топтық кезең
Қазақстан – Сингапур.