Астанада көпқабатты тұрғын үй өртеніп, 7 адам құтқарылды

Фото: ТЖМ

Астана қаласының Есіл ауданында Сарайшық көшесінде орналасқан 14 қабатты тұрғын үй кешенінің 13-қабатындағы пәтер мен лоджияда өрт шықты, деп хабарлайды  AstanaTV.

Өрт аумағы 15 шаршы метрді құрады.

ТЖД құтқарушылары 2 адамды құтқарып, тағы 5 адамды эвакуациялады.

Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.